Әблязов үшін Қазақстанда Telegram толықтай бұғатталуы мүмкін

Dalanews 04 апр. 2018 04:00 986

Біздің қазіргі билікті тағынан тайдыру үшін ДВК деген экстремистік қозғалыс құрып, Telegram-да сол қозғалыстың каналын ашып алған Әблязов оңбайды, негізі.
Соның кесірінен Telegram Қазақстан аумағында бұғатталып қалуы мүмкін.

Бұл жайында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады, дейді РИА Новости.
Қазақстан билігі Telegram мессенджерінің басшыларына «ДВК деген каналды удалить ет, ол заңсыз» деген мазмұнда ресми хат жолдапты.

Егер Telegram ДВК каналына қатысты ешқандай шара қолданбаса, заңға сәйкес Қазақстан аумағында Telegram-ды толықтай бұғаттау шаралары қолданылады екен.

Мұхтар Әблязовтың біздің биліктің бас ауруы болғалы қашан. Тіпті Бас прокуратураның өзі
«Әблязовтың мақсаты билікті тайдырып, президенттің тағына өзі отырып алу» екенін мәлімдеген еді.

Өзі шетелде бой тасалап жүрсе де, қазақстандықтарды «ДВК қатарына қосыл» деп үгіттеп келеді. Сондағы бар тірлігі – қазіргі билікті құбыжық етіп көрсетіп, онсыз да билікке өкпелі халықтың ашуын одан сайын ушықтыру, елдегі жемқорлықты көзге шұқып көрсетіп, теңсіздік пен әділетсіздіктен туындайтын әлеуметтік алауыздықты қоздыру ғана, деп түсіндіреді Бас прокуратура.

 

Дайындаған, Айдын Олжаев 


Рекомендовать
Последние новости