Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң қарқынмен сақталды. Көлік саласында – 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестиция тарту бойынша – 103,1% өсім байқалды. Тұрғын үй құрылысы саласында 159,9 мың шаршы метр жаңа баспана пайдалануға берілді.
Мемлекеттік бюджетке облыстан 441,4 млрд теңге салық пен міндетті төлемдер түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке – 316,7 млрд, жергілікті бюджетке – 124,7 млрд теңге. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім.
Абай облысы құрылған сәтте бюджеттің жалпы көлемі 251,3 млрд теңге болса, бүгінде Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында бұл көрсеткіш 2 есе өсіп, 500,9 млрд теңгеге жетті.
Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
