Абай облысының білім саласы: жетістіктер мен жоспарлар

Нұрлан Жұмахан 30 янв. 2024 19:04 3856


Абай облысы бойынша білім саласының мәселелерін шешу мақсатында «Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» әзірленгенін бүгін Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.


 


– Семей қаласында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, «Асыл Мирас» аутистік спектрдің бұзылуы бар балаларды қолдау орталығы және Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Семей қаласының 2 мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Сонымен қатар осы жылы Курчатов қаласында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарлануда, – деп атап өтті басқарма басшысы.



Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы бойынша тәрбие және оқытумен қамтуды ұйымдастыру 2023 жылдан бастап 2619 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.



Яғни, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту – 90,5%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды құраған. Балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2027 жылға дейін 9 балабақша салу жоспарланған.



– Қала мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5700 орындық 11 жаңа мектеп салынады.



2023 жылы Семей қаласында 2 мектеп, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай аудандарында 1 мектептен, барлығы 5 мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «KAZ-Minerals» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Аталған мектептер осы жылы пайдалануға берілетіндігін, – деді Нұржан Ахметқалиев.


Жастардың білім сапасын арттыруға бағытталған 63 945 оқушыны қамтитын облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылуда.


Бағдарлама аясында «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Балалар кітапханасы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттер аулақ бол» жобалары да бар.



Рекомендовать
Последние новости