Нұрқаділов? Бір күн бизнеспен айналыспаған адамның сейфінде миллион доллар қалай жатады – журналист

Жарас Кемелжан 30 янв. 2024 19:23 18794


«Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына берген сұхбатында «Азаттық» радиосының Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Қасым Аманжол осылай ой айтты.


Журналистке бағдарламаның жүргізушісі «Заманбек Қалабайұлын өлтіруге тапсырыс берген кім?» - деген сұрақ қояды. Ал жүргізуші сұрағына Қасым Аманжол: «Білмеймін, қайдан білемін? Ондай ақпаратым жоқ. Кім тапсырыс берді, қалай болды? Түрлі болжамдар айтылады» деп қысша жауаппен нүкте қойғысы келеді.


Алайда жүргізуші Нұрқаділовтың сексен жылдығы туралы айтып, әңгімені қайта бұрды.


Оған Қ.Аманжол: «Батырға теңеп жатырсыңдар. Мен әсіре бағалауды қаламайтын адаммын. Иә, әрине, қаза болды, өкінішті, обал, әрине. Иә, ол Назарбаевпен айқасып, Назарбаев жүйесімен дейікші, күресіп жүрген кезінде қаза болды. Сол себепті оның атағы шығып, дәуірлеп айтылатыны рас. Бірақ әр нәрсеге дәл баға бере білуіміз керек. Заманбек Нұрқаділов кейбір әріптестері, замандастары айтқандай домократияның, Қазақстандағы оппозицияның, азаматтық қоғамның, Қазақстандағы бүкіл демократияшыл күштердің ұлы тұлғасы болды деп айта алмаймын» дейді.



Одан ары ойын толықтырып «Ол өз заманының азаматы еді. Өз заманының күрескер азаматы болды. Өз заманында жаулары болды, достары болды, жақсы дәурен сүрді. Өзі айқасып жүріп, қажасып жүріп қаза болды. Бірақ оны Қазақстандағы сөз бостандығы үшін, демократия үшін, үлкен ұлы мұраттар үшін қаза болды деп айту артықтау.



Өте қайшылықты тұлға болатын. Қарапайым мысал, қаза боларының алдында үйінің подвалынан 1 млн доллар ұрлап кетті. Күзетшісі ме, біреулердің қатысы бар деді. Іс қозғалды. 1 млн доллар. Қолма қол ақша. Өзіңіз елестетіп көріңізші, бюджет қызметкері болған адам, бір күн бизнеспен айналыспаған адамның подвалында, сейфінде бір миллион доллар қалай жатады?


Сондай сұрақ қойылған кезде, ол «Мақпалдың гонарары» деп айтты. Мен тойға барып, Қазақстандағы қазақша концерттерге шығып жүріп миллион доллар жинап қойды деп ойламаймын. 2000 жылдардың басы, осыдан жиырма жыл бұрын» дейді Қ.Аманжол.


Заманбек Нұрқаділов туралы сөзінің соңында: «Шындық үшін шырылдап, кейбір адамдар елестетіп жүргендей әділеттің символы болатын болса, оның үйінде миллион доллар шашылып жатпас еді ғой. Қарапайым ғана сұрақтар. Ондай сөзді айтқан кезде Аронды еске аламыз. Аронның үйінен табылды десе, елестете алар ма едіңіз? Осы сияқты сұрақтарды қоғам қоюы керек» дейді.   



Рекомендовать
Последние новости