Абай облысында Аумақтық сайлау комиссиясы биліктің негізгі институттарының дамуына зор үлес қосты

Dalanews 15 дек. 2023 04:19 960

Абай облысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев құттықтау сөзінде Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің сайлау органдары маңызды кезеңнен өтіп, мемлекеттік биліктің негізгі институттарының дамуына зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

– Сайлау комиссиялары өз жұмысында сайлау құқығы саласында белгіленген халықаралық стандарттарды ұстанып, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты сақтап, қоғаммен ашық диалог құрып отыр. Абай облысындағы аумақтық сайлау комиссиясы өңіріміздегі сайлау үдерістерін реттеу саласындағы алғашқы органдардың бірі болды, – деді ол.


Абай облысы құрылған сәттен бастап ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының, Абай ауданы мен Курчатов қаласы әкімдерінің, яғни 60-тан астам ауыл әкімдерінің сайлауы да ойдағыдай өтті.

Шара барысында облыс аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Абай облысы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Рекомендовать
Последние новости