Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Жарбол Кентұлы 05 окт. 2024 15:06 1796

 

Абай облысында мұғалімдер күніне орай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.

Саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған қарияларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Арагер ұстаз Александра Волкова 1 ғасырдың куәсі. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін келіп, 1953 жылдан Семияр орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. 30 жылдық мұғалімдік жолында зейнетке шыққанға дейін бірнеше буын ұрпақты тәрбиеледі.

-Жасым жүзден асты. Осы күнге жетуімнің сыры балаларды, шәкірттерімді жақсы көруімнен деп ойлаймын. Еңбегімнің еш кетпегеніне қуанамын. Елеп-ескеріп келгендеріңізге аналық, ұстаздық алғысымды білдіремін, - деді Александра Волкова.

Марватжан Байқанов ақсақал өзінің еңбек жолын 1950 жылы Башкөл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Ұзақ жылдар білім бөлімін басқарып, 39 жылдық еңбек өтілімен құрметті демалысқа шыққан. Еңбек әрі тыл еңбеккері Марватжан Адхамұлы қазір Бесқарағай ауданындағы "Башкөл" татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесін басқарады.

Еліміздің білімді жастарын тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған қариялар бүгінгі мерекеде лайықты құрметке ие болды.


Рекомендовать
Последние новости