"3 млн теңге өтемақы": Қаржы министрлігі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қаракөз Амантай 12 февр. 2024 10:59 2097

Instagram-да Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі сайт пайда болды. Онда 2024 жылғы 11 ақпанға дейін берілетін 3 млн теңгеден басталатын өтемақы туралы хабарландыру шыққан. Төлем сомасын білу үшін пайдаланушы ЖСН-ін енгізуі керек. Бұл жалған сайтты алаяқтар жасаған, деп хабаралайды Dalanews.kz stopfake.kz-ке сілтеп.

Төлемдер туралы ақпарат орналастырылған порталдың домені .com. Бұл қазақстандық ведомствоның ресми парақшасы емес, елімізде мемлекеттік органдардың барлық сайттары қазақстандық .kz доменінде орналасқан.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның жалған сайтқа ешқандай қатысы жоқ екенін растады. Фишингтік сілтеме алаяқтық мақсатта жасалған веб-ресурсқа апарады. Онда шыққан өтемақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Қаржы министрлігі қазақстандықтардан сақ болып, күмәнді ресурстарда жеке деректерін қалдырмауын сұрайды. Сондай-ақ ведомствоның ресми порталында орналастырылған тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

ҚР Қаржы министрлігінің атынан тараған өтемақы туралы хабарлама жалған, сілтеме бойынша өтпеңіздер және осы сайтта жеке ақпаратпен бөліспеңіздер.


Рекомендовать
Последние новости