2027 жылға қарай елде электр тапшылығы жойылады

Қаракөз Амантай 05 февр. 2026 12:41

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан экономикасының электр энергиясына деген ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Ал 2029 жылға қарай елде тұрақты профицит қалыптасып, электр қуатын экспорттау мүмкіндігі пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Қазақстанның энергожүйесінде 241 электр өндіру көзі бар. Оның 162-сі жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Жалпы орнатылған қуат көлемі 26,7 ГВт-қа жеткен.

Алдағы жылдары энергетика саласында ауқымды жобалар іске асырылады. Жоспарға сәйкес, қосымша 26 ГВт-тан астам жаңа қуат іске қосылады. Бұл қатарға қолданыстағы станцияларды жаңғырту, дәстүрлі генерация нысандарын салу, жаңартылатын энергия жобалары және атом электр станциясының құрылысы кіреді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove