«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай қамауға алынды. Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияров хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.
«Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты Ермек Нарымбайды биылғы 3 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы қаулыны жариялады», - деп жазды Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, 4 ақпанда Ермек Нарымбай сот үкімін орындамады деген айыппен ұсталғаны хабарланған еді. Атап айтқанда, сот оған әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салған.
