2026 жылдан бастап салықтан босатылатын арнайы техникалар тізімі жарияланды

Кәмшат Тілеухан 25 сент. 2025 10:10

Ауылшаруашылығы министрлігі салықтан босатылатын көлік құралдарының тізімін бекітті. Осы сипаттағы бұйрыққа 2025 жылғы 18 қыркүйекте қол қойылды. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп жазады Dalanews.kz.

Сонымен ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруші, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары мен мүшелері сипатындағы заңды тұлғалардың өз ауылшаруашылығы өндірісінде қолданатын, бірақ салық салуға жатпайтын арнайы көлік құралдарының тізіміне мыналар жатады:

 
  • сүт пен су тасымалдауға арналған цистерналары бар ауылшаруашылығы мақсатындағы көліктер;
  • ветеринариялық қызметтің автокөліктері мен автозообиологиялық зертханалары;
  • жем таситын, жүк тиейтін, жанар-жағармай таситын көліктер;
  • тыңайтқыш себетін және ұшақтарға химикаттар тиеуге арналған машиналар;
  • шөп қаттайтын, жем шашатын арнайы техникалар;
  • өзі жүретін дестелегіш;
  • ауыл шаруашылығына арналған АН-2 ұшағы;
  • астық оратын, жем-шөп жинайтын және өзге де арнайы комбайндар;
  • тракторлар, өзі жүретін шөп шапқыштар;
  • ауылшаруашылығы техникасын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған машиналар.
  • саман жинайтын техника;
  • қазып, теріп, оруға арналған комбайндар (картоп, қызанақ, жасыл бұршақ, мақта және өзге де ауылшаруашылығы өнімдері).

Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған арнайы техника түрлері салық салуға жатпайды деп танылады.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енетін жаңа Салық кодексі бойынша арнайы салық режимі – жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істей алатын және тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімін жариялаған болатынбыз. 


Рекомендовать
Последние новости