2024 жылы ІІ тоқсанда микроқаржылық ұйымдардың несиелік портфелі 4,8%-ға өсті

Кәмшат Тілеухан 30 сент. 2024 11:41 1972

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы төлемі мерзімінен кешіктірілген, яғни өтелмей жатқан микронесие үлесі 5,2 пайызға өскен. Айта кетсек, банктік қызметтерге қолжетімділігі шектеулі жеке тұлғалар мен шағын бизнес өкілдері микорқаржылық қызметке көбіне жүгінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылдың екінші тоқсанында микорқаржылық ұйымдардың несиелік портфелі 4,8%-ға өсіп, 2 569 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды economy.kz.

Сарапшы Ален Серіктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 948 микрокаржылық қызметпен айналысатын ұйым (ООМФД) жұмыс істейді, олардың ішінде 223 микроқаржылық ұйым (МҚҰ), 216 несие серіктестігі және 509 ломбард бар. Ұйымдар санының азаюы реттеуші талаптардың қатаңдауымен және нарық құрылымындағы өзгерістермен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың екінші тоқсанында ломбарлардың саны тоғыз ұйымға азайды.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша микроқаржылық ұйымдар активтері 2 778 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5,1%-ға және жыл басынан бері 8,9%-ға өскенін көрсетеді. Маман сектор активтерінің өсімі несиелендіру көлемінің артуымен және қысқа мерзімді несиелерге деген сұраныстың артуымен байланысты екенін айтады.

  • Активтердің 54,1%-ын микрокаржылық ұйымдар (МҚҰ) құрайды, бұл 1 502 млрд теңгеге тең.
  • Активтердің 33,2%-ын несие серіктестіктері құрайды (921 млрд теңге).
  • Активтердің 12,8%-ы немесе 355 млрд теңге ломбарларға тиесілі.

"Сектордың міндеттемелері де 4,9%-ға өсіп, 2024 жылғы 1 шілдеде 1 846 млрд теңгені құрады. Тартылған несие секторы міндеттемелерінің 76%-ын немесе 1 402 млрд теңгені құрайды, бұл сектордың сыртқы қаржыландыруға тәуелділігін көрсетеді", - дейді Ален Серік.

МҚҰ және несие серіктестіктерінің несие портфелі шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген несиелерден тұрады.

  • Микронесие портфелінің 58,4%-ы немесе 1 501 млрд теңгесі бизнесті несиелеуге тиесілі.
  • Қалған 41,6%-ы немесе 1 068 млрд теңгесі жеке тұлғаларға берілген несиелерді құрайды.

2024 жылы бизнеске арналған микронесиелер сектор өсімінің негізгі драйвері болды. Кәсіпкерлер айналым қаражатын қолдау және бизнесті кеңейту үшін қысқа мерзімді несиелерді пайдаланады, бұл несие портфелінің өсуіне ықпал етеді.

"Несиелік портфельдің өсуіне қарамастан, мерзімі өткен берешек деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткен берешек үлесі 5,2%-ды құрады. Салыстыру үшін, 2023 жылдың соңында мерзімі өткен берешек үлесі 3,9%-ды құраған, бұл несие портфелінің сапасының сәл нашарлағанын көрсетеді. Дегенмен, микронесиелерге деген жоғары сұраныс пен шағын бизнестің белсенді дамуын ескере отырып, бұл көрсеткіш қолайлы деңгейде қалып отыр және сектордың қаржылық тұрақтылығына елеулі қауіп төндірмейді", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, 2024 жылы Қазақстандағы микрокаржылық қызмет, әсіресе шағын және орта бизнесті несиелендіру сегментінде айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр. 

"Активтердің, міндеттемелердің және берілген микронесиелер көлемінің ұлғаюы осы сектордың тұрақтылығын растайды. Мерзімі өткен берешек деңгейінің өсуіне қарамастан, ол бақыланатын деңгейде қалып отыр, бұл Қазақстандағы микронесиелерге деген жоғары сұраныс пен сектордағы тұрақтылықтың айқын көрсеткіші болып табылады", деп нақтылайды ол.


Рекомендовать
Последние новости