1 маусымнан бастап Қазақстандағы барлық блок-бекеттер алынып тасталады

Dalanews 29 мая 2020 09:34 984

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы қалалар арасындағы кедергілерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес, 5 маусымнан бастап ел ішіндегі жолаушылар тасымалын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.


Жолаушыларды автобуспен тасымалдау кезіндегі тасымалдаушылардың жұмысының тиісті алгоритмі 2020 жылғы 10 мамырдағы бас дәрігердің талаптарын ескере отырып жасалды, онда маршруттың соңғы аялдаған орнында автобустарды дезинфекциялау, жолаушыларды тек маскамен кіргізу, жолаушыларды отырғызу кезіндегі кем дегенде 1 метр қашықтықты сақтау міндеттеледі.

Жүргізушілер уақытылы қолғап пен медициналық маскаларды ауыстырып отыру үшін осы заттармен толықтай қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Өз кезегінде әкімдіктер жолаушылар тасымалы саласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға арналған алгоритмді сақтау үшін тасымалдаушыларға қатысты қажетті шараларды қабылдай алады, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Рекомендовать
Последние новости