Сұлулық құдіреті

Dalanews 02 қаз. 2014 03:51 359

Қазақ қызы Сәбина Алтынбекованы әзір күллі әлем таниды. Сұңғақ бойлы сұлудың сымбаты қалың қытай халқын шалқасынан түсірді. Волейболшы қыздың әлеуметтік желідегі бір ғана видеосының өзі 2 млн. көрермен жинаған екен. Волейболдан Қытай жерінде өткен Азия біріншілігі сұлу Сәбинаның бағын ашты десек6 дұрысырақ болар. 17 жасар бойжеткен алдымен бүкіл Қытай жұртына, артынша алты құрлыққа танылды. Біз Сәбинаны жаттығу залынан таптық.


сабина 2


Сәлем, Сәбина.


– Сәлем. Сіздер қай газеттен келдіңіздер?


«Қала мен Дала» газеті.


– Шынымды айтсам, соңғы кездері сұхбат беруден қолым босамай кетті (күліп). Ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Мінезім жұмсақ.


 – Сәбина, айналасы бір аптаның ішінде сені айдай әлем таныды. Бақыттан басың айналып жүрген жоқ па?


–  Қызық сұрақ екен. Өз басым танымалдылыққа ұмтылған жоқпын. Қытай халқы аниме-мультфильмдерді қатты жақсы көретінге ұқсайды. Мені сол туындылардың кейіпкеріне ұқсатты.


– Бойдақ жігіттерді сенің басың бос па, жоқ па деген сұрақ қызықтырады...


– Жігітім жоқ. Өз басым әзір ешқайда асықпаймын. Тұрмысқа шығу туралы мәселені де кезі келгенде ойланармын. Ал әзір... күніне 2 мәрте, 2,5-3 сағат жаттығамын. Көздеген мақсатым бар. Соған жеткім келеді. Ал өзге дүниені кейін шегере тұрамын.



ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗ СӘБИНА ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

«Оның басты жетістігі - сұлулығы. Бұл экзотикалық азиялық кескіндегі  ұзын, сымбатты, көздері ерекше үлкен спортшы қыз комикстардан шығып, волейбол ойнауға кіріскен адам сияқты».

Қытайлық China daily, «Жэньминь Жибао» сияқты басылымдар  Сәбинаға дәл осындай баға берді.

...

«Азияда интернет-сенсация болған Алтын­бекованың танымалдығы өзіне кедергі болады. Он тоғыз жасқа дейінгі волейбол­шылар арасында өткен Азия чемпиона­тында бүкіл ел-жұрттың назары тек Сәбина Алтынбековаға қадалды. Ойын алаңында одан басқа адам жоқ секілді әсер туындады».

Америкалық Sport lllustrated, Sporting News басылымдары да Сәбинаның сұлулығына тәнті болды.

Қазір әлеуметтік желіде Сәбинаға қандай жігіттер ұнайды деген форумдар да құрылып жатыр. Бұған не деп жауап берер едің?


– Талабым қатаң. Әрине, әзіл. Біріншіден, сүйгенімнің бойы ұзын болғаны керек. Жақсы тәрбие алғаны, жаман әдеттен аулақ әрі спортқа жаны жақын болғаны маңызды. Сосын...өзінің алдына мақсат қоя білетін және соған қол жеткізуге тырысатын табанды жан болғанын қалаймын.


Расымен де, мектепті бітіргенің биыл ғана. Алдағы ой-арманың туралы айтып берсең.


– Иә, республикалық олимпиадалық резерв дайындайтын спорт мектебін тәмамдадым. Ал қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың денешынықтыру факультетіне құжат тапсырып қойдым. Спорттан алыстағым жоқ. Спорт мен үшін әрдайым бірінші орында.


– Көпшілік сенің өскен орта, отбасы – ошақ қасың туралы білгісі келеді.


– Үйде бес адамбыз. Әке-шешем үш қызды тәрбиелеп өсірді. Өзім ортаншысымын. Апайым Астанадағы Гумилев атындағы университетті «қызыл дипломмен» тәмамдады. Ал сіңлім әлі кішкентай, 4- жаста. Бірақ оның да волейбол ойынына қызығушылығы бар.


– Ал өзің валейболға қай жасыңнан бастап қызықтың?


– Бесінші сыныпта оқып жүргенде бойымның ұзындығына қарап баскетбол командасына шақырды. Алайда, өз басым волейболды қаладым. Және біз үшін (қыздарды айтамын) жарасымды ойын. Оның үстіне шешем де жас кезінде волейболға қызыққан, кішкентай кезімде шешемнің волейбол жейдесін киіп түскен суреттерін көріп қызығатынмын. Бастапқыда әншейін қызығушылық болды. Кейіннен кәсіби деңгейге көшуге ықылас туды. Алматыда тұрып жатқаныма биыл екінші жыл. Қазір Жоғара лигада «Алматы» клубында ойнаймын. Әу баста ата-анам құптамады. Олар менің заңгер болғанымды қалады. Бірақ, өзім спортпен айналысқым келді.


Әңгімелескен, Аяулым ШАЙМАРДАН



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x