Қазақстанға технология кеш келеді

Dalanews 02 қаз. 2014 03:52 1040

ЭКСПО-ны өткізетініміз белгілі болғалы бері – бәріміз желпарақ (ветряк) пен күннен қуат алатын тақтайшаларды орнатуға әуестеніп кеттік. Немістер болса желпарақтан бас тартып жатыр.


Әдетте теледидардан көретін алып желпарақтардың қалағының ұшы сағатына 180 км/сағатпен айналатынынын біреуіміз білсек, келесі біреуіміз білмейміз. Осылайша желпарақтар үлкен жылдамдықпен айналып, ауаны тілгілеп, магниттік толқындар тудыратынын ғалымдар анықтапты. Әлгі толқындарыңыз адам мен жануарға және өсімдік атаулының өсіп жетілуіне кері әсер ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденіпті. Сол себепті немістер желпарақ орнатудан ада-күде бас тартқан.  Ал біз болсақ жаппай желпарақ орнатуға бел буып, білек сыбана кірісудеміз. «Астанаға көктем кеш келеді» дегендей Қазақстанға технологияның кеш келетіні, қандай өкінішті.


НҰРЛАН ЖҰМАХАН


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар