Freedom Inside '26

Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді

Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді
pixabay.com

Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, биыл шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді.

«Жұмысқа 443 бірлік бүріккіш техникасы мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады», - деді министр.

Осы ретте Үкімет басшысы Түркістан мен Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.