Ел тілегі

Dalanews 09 нау. 2015 23:13 301

[caption id="attachment_9642" align="alignright" width="183"]Актолкын Ақтолқын Құлсариева[/caption]

Ақтолқын Құлсариева,

философия ғылымдарының докторы, профессор,

ҰҒА мүше-корреспонденті.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры

 Бүгінде әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарынан өз орнын нықтап алғалы отырған Қазақстан тек исі қазақтың ғана емес, сонымен қатар,  жүзден астам ұлыстың басы қосылған құтты мекен. Адам адам болғалы жер үстiндегi өзінің жұмағын iздеп келедi. Елдің оңаша ойға көмген хәкімдері, ақылман-ойшылдары болсын, артына жұртын ергізген көшбасшылары болсын – бәрі-бәрі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан-қайғыдай өз еліне «малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар» болашақ тілейтіні мәлім. Әлеуметтік келісім негізінде сүттей ұйып отырған,  өрісі малға, қоймасы дәнге, үй-іші жанға толып отырған қазіргі Қазақстан Жерұйық емей, немене?!  Түптеп келгенде, Жерұйық деп әлеуметтік келісім негізінде ел-жұрты бейбіт рахат өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластыққа бас ұрған құтты қонысты айтады. Қазақстанды Жерұйыққа балайтын нұрлы болашаққа апарар жолдың басым қоғамдық құндылықтары – Бірлік, Тұрақтылық, Гүлдену.

Халқымыздың биік азаматтық рухы, елжанды татулық қасиеті Тәуелсіз мемлекетіміздің өткен 23 жылдық тарихи жолында айрықша маңызды болды. Тәуелсіз даму жылдарында біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрып, жаһанданған дүниеде өмір сүріп, жұмыс істей алатын жаңа ұр­пақ тәрбиеледік. Қазіргі заман әлеуметтік капитал жарысының заманы екені белгілі. Біздің Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері Қазақстанның жарқын болашағы адами капитал байлығына, әлемдік бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлауға тәуелді екендігін біле отырып, осы жолда жоғары оқу орындары рөлінің маңызы зорлығын түсінеді. Бүгінгі жастардың кез келгені өршіл – өзгерістерден қаймықпайды,  биік мақсаттар үшін өмір сүріп, білім алып, еңбек етеді.  Бүгінгі студент – ертеңгі азамат, Қазақ елінің болашағы. Соларды толыққанды тұлға ретінде тәрбиелеу – оқытушылар мүддесі, қоғам мүддесі.

Қай сөзінде болмасын ұлтымыздың маңдайына біткен бағы да, көзінің қарашығындай қорғаштауы тиіс басты жетістігі де, ту етіп ұстар ұлы құндылығы да Тәуелсіздік екендігін нықтап отыратын Елбасы  тәуелсіздігіміздің баяндылығын қамтамасыз ететін сара жол әлеуметтік келісім мен ынтымақтан салынатындығын терең түсініп қана қоймай, соған қоғамдағы барлық күшті жұмылдыра біледі. Ендеше, әлеуметті әлемдік деңгейге жетелейтін негізгі саяси бағдарламалардың (ел дамуының ұзақ мерізімді басымдықтарын анықтаған Қазақстан 2050 Стратегиясы мен «Нұрлы жол» Бағдарламасының) ұйытқысы болып отырған Елбасы  Н. Ә. Назарбаев мерізімінен бұрын өткелі отырған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға  өз кандидатурасын ұсынса көпшілік қолдауын көріп,    халық ықыласын ие болар еді.

Қазақстан халқына Президент сайлауының мерізімінен бұрын өтетіндігін хабарлау барысындағы үндеуінде Елбасымыздың өзі айтып кеткендей,  «Қазақ – тарихи жады мықты, соңына қарап тәубесін айтқан, жолына қарап тәуекел еткен халық». Ендеше, Н.Ә. Назарбаевтың да «нар тәуекел» деп, осы сайлауға қатысқанын қалаған қалың халықтың діттегені орындалады деп сенеміз.

 

Зейнолла Абажанов


 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x