Пропагандист Соловьевтің көзін жоймақ болғандар ұсталды

Dalanews 25 сәу. 2022 14:49 208

Бүгін РФ Бас прокуратасының мәжілісіне қатысқан Владимир Путин ресейлік танымал тележурналистің көзін жоймақ болғандарды Федеральді қауіпсіздік қызметінің жасағы ұстағанын мәлімдеді. Мәжілісте Путин қай журналистке қастандық жасалмақ болғанын ашып айтпаған. Бірақ артынша қауіпсіздік қызметі ұсталған күдіктілер Кремльдің пропагандисті Владимир Соловьевті өлтірмек болғанын хабарлады.  

– Бүгін таң ертең Федеральді қауіпсіздік қызметі лаңкестік топтың жолын кесіп, олардың елімізге танымал тележурналисті өлтіруіне жол берген жоқ, – деді Путин.

Қазіргі таңда Ресейдің мемлекеттік арналары бұл іске Батыс елдерінің қатысы бар екенін айтып, дабыл қағып, ақпарат таратуда. Өз кезегінде Путин бұл іске АҚШ-тың Орталық барлау қызметі мен Украинаның қауіпсіздік қызметі тікелей қатысы бар екенін айтты.

Ресейдің Федеральді қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекетті жүзеге асырмақ болған Ресей азаматын ұстағандарын, оны әсіреұлтшыл бағыттағы National Socialism/White Power деп аталатын ұйымға қатысы бар екені жайында ақпарат таратты. Ұсталғандар ой-жоспарын іске асырғаннан кейін шетелге қашпақ болыпты.


Қауіпсіздік қызметі лаңкестерді ұстаған үйге тінту жүргізгенде қолдан жасалған жарылыс құралы, Молотов коктейлі, алты тапанша, РГД-5 гранаты, түрлі калибрлі мыңдаған патрон, Украина төлқұжаты, әсіреұлтшылдықты дәріптейтін әдебиеттер мен атрибутикалар табылғанын мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x