Тоқаев: Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады

Dalanews 16 нау. 2022 05:44 223

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына тоқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді, – деді Тоқаев.

Президент құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделіне сатқындардың опасыздығы нұқсан келтіре алмайтынын атап өтті.

"Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x