«Баспана Хит» ипотекасының пайыздық мөлшерлемесі төмендеді

Dalanews 22 шіл. 2020 03:35 183

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді деп хабарлайды Қазақстанның орнықтылық қоры.

Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер ҚР Ұлттық базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9%-ға дейін төмендету бойынша шешімін жариялауы нәтижесінде болды.

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты болатынын (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі +1,75%) еске саламыз.

Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа қарыз алушыларға ғана қатысты болады.

«Баспана Хит» бағдарламасының талаптарына сәйкес 300 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр, бүгінгі таңда оның 224 млрд теңгесі игерілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x