Көкпекті ауданында кәсіпкерлер оттегі аппаратынан бастап қымыз бен етке дейін жеткізіп беруде

Dalanews 22 шіл. 2020 08:40 888

Бүгінде еліміз коронавирус індетімен халық болып күресуде. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданынан шыққан кәсіпкерлер жергілікті емханаларға қолдан келген көмегін аямай көрсетіп жатыр. Өз кезегінде кәсіпкерлер Көкпекті ауданы әкімінің бастамасына үн қосып, 6 оттегі аппараты алып берген-ді.

Ал «Ақниет» қоғамдық қоры қауіпті індетпен жергілікті дәрігерлер тиімді күресуі үшін «Armed» деп аталатын оттегі концентраторатын сатып алып, Самар ауылы мен Көкпекті ауданындағы орталық ауруханаға 3 құрылғыны тапсырған.

Бұған дейін кәсіпкерлер 3 оттегі аппаратын Көкпекті орталық ауруханасына тапсырғаны есімізде. Осылайша ауданда кәсіпкерлер тарапынан  қайырымдылық іс-шаралары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Өз кезегінде Көкпекті орталық ауруханасының Бас дәрігері Әсем Рахымбаев қиын кезеңде көмек-қолдауларын аямаған кәсіпкерлерге алғыс айтты.

Ауданның бас дәрігері «Ақниет» қоғамдық қоры жиынаған қаржаттарына оттегі аппаратынынан басқа, 25 провизорлық және 10 карантиндік төсек орын сатып алғанын және оны қажетті сантехникамен жабдықтап, пациенттердің дәрігерлердің бақылауында болуына барлық жағдайды жасап бергенін алға тартты. Сонымен қатар аталмыш қор аудандағы ірі екі ауруханаға 8 медициналық құрылғылар сатып әперіпті.


Жергілікті кәсіпкерлер ем алып жатқан науқастардың құнарлы тамақтануы үшін ет, қымыз, құрт және өзге де азық-түліктерді жеткізіп беріп отырғанын да айта кетуіміз керек.

Көкпекті ауданның тұрғындары вирус таралған кезде жерлестері, елімізге танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың бірінші болып қол созғанына дән риза. Dalanews.kz ақпарат агенттігі Айдын Рахымбаевтың туған жеріне қандай көмек көрсеткенін бұған дейін жазған болатын.

Ұлтжанды азамат 20 шілде күні Көкпекті ауданына құны 11 млн теңге тұратын 10 оттегі аппараты мен түрлі медикаменттерді жеткізіп бергенін айта кетуіміз керек.

BI Group компаниясының жетекшісі «Бірлік» қоғамдық қорымен бірлесіп, елімізге 1 мың оттегі аппаратын тегін таратты. Соның 100 аппараты Шығыс Қазақстан облысына жеткізіліп, оны кәсіпкердің туған ауданындағы ауруханаға тапсырылғанын айта кетуіміз керек.  


Өз кезегінде Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смайлов аудандағы коронавируспен күреске айрықша үлес қосықан Айдын Рахымбаев бастаған кәсіпкерлерге алғыс айтып, өзінің ризашылығын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар