Әзербайжан: «Атом электр станциясын атқылаймыз»

Dalanews 17 шіл. 2020 04:03 168

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның Атом электр станциясын зымыранмен атқылаймыз деп сес көрсетті деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ мемлекеттік агенттігі.

– Армения тарабы біздің армияда жаңа зымыран жүйелері бар екенін ұмытпауы тиіс, егер Мецамор Атом электр станциясын атқыласақ, Армения үшін үлкен апат болады, – деп мәлімдеді Әзербайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Вагиф Даргяхлы.

Армян Атом электр станциясы 1976 жылы қолдануға берілген. Бұл аймақтағы ең ірі электр энергиясын тасымалдаушы станция болып саналады. Қазір станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


12 шілдеден бері Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал өршіп кетті. Баку ақпаратына сәйкес, 11 әзербайжандық әскер қаза тапқан. Оның ішінде генерал-майор Полад Хашимов та бар. Армения тарабы төрт сарбаз қайтыс болып, оны жараланды деп мәлімдеді. Жанжал Таулы Қарабах маңында жүріп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x