Коронавирус жұқтырғандар 73 адаммен байланыста болған

Dalanews 13 нау. 2020 11:41 175

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус анықталғанын хабарлады. Германиядан келген екі азамат туралы айтылады. Олар елімізге әртүрлі күндері келді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 
Біріншісі 9 наурызда келді, яғни бұл ел тыйым салынғандардың І-санатына әлі жатқызылмаған кезде. Екіншісі - 12-сі күні. Алгоритм бойынша, 73 жолаушының тізім бар. Олар бақылауға алынған.

Біз оларды оқшаулай бастаймыз: іздеп, карантинге жатқызамыз.

Олар ауру емес, бірақ14 күн карантинде болады, - деді Біртанов.

Екінші ұшаққа келсек, жаңа ереже күшіне енгендіктен, барлық құрам - 12 адам, оның ішінде экипаж да дереу карантинге алынған. Олар қонған сәттен бастап толығымен оқшауланған.

Елдегі науқаспен байланыста болғандарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x