Алматыда коронавирусқа тест тапсыруға болатын орталықтар ашылды

Алматыда коронавирусқа тест тапсыруға болатын орталықтар ашылды
Қала билігі барлық тұрғындардан қауіпті инфекцияның кез-келген белгісі анықталған жағдайда бұл жөнінде шұғыл хабарлауды сұрайды.

Егер сіздің дене қызуыңыз көтеріліп, жөтел мен дененің қалтырауы сынды симптомдар байқалса, мына мекен-жайларға барып тест тапсыра аласыздар, деп хабарлайды Dalanews.kz  Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

1. Жібек жолы көшесі №3: "Ұлттық сараптама орталығы"

2. Жаһангер көшесі №14: Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы

3. Әуезов көшесі №84: "Санитарлық-эпидемилогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы"

Егер сізде немесе сізде білетін танысыңыз құсып, ыстығы көтеріліп, тоңып, әлсіздік сезініп немесе коронавирустың басқа белгілері болса, 382-35-36 және 382-33-50 нөміріне немесе Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 сенім телефонына қоңырау шалып, кеңес ала аласыз.

103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыруға болады. Дәрігерлерге мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат беріледі.