Орыс тілін білмегені үшін министрдің отставкаға кетуін талап етті

Dalanews 22 ақп. 2018 03:04 269

Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саид интернетте өзінің атына айтылған сындарға жауап берді.

Әлеуметтік желілерде білім министрі орыс тілін жетік білмейтіні үшін сынға ұшырады. Баспасөз мәслихаты кезінде Нуридддин Саид орыс тілінде қиналып жауап береді. Журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқан бейнекөріністер әлеуметтік желіге тарап кеткен. Интернет қолданушылар бейнетаспаны көріп, білім министрінің отставкаға кетуін талап еткен.

Білім министрін қорғаушылар да кездесті. Олар мемлекеттік қызметкерлер ең алдымен тәжік тілін білуі шарт, қалған тілді білуге міндетті емес дейді.

Нуриддин Саидтың өзі болса, орыс тілін өте жақсы білемін деп есептейді.

– Мен әрине Толстой, не Солженицын емеспін. Бірақ орыс тілін жетік білемін. Мен орыс тілінде сөйлеймін. Үкіметте баяндаманы орыс тілінде жасаймын. Мен осы тілде екі доктор мен 8 кандидат әзірлегенмін. Осыдан кейін сіздер мені орыс тілін білмейсің деп айыптайсыңдар ма?.. Ия, менде акцент бар. Бұл көп адамға тиесілі, – деді Тәжікстанның білім министрі.

Нуриддин Саидтың сөздерінше, көптеген орыстілді халық тәжік тілінде сөйлемейді.

Тәжікстанда орыс тілі ешқандай мәртебеге ие емес. Ол тек халықаралық қатынас тілі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x