Алматы облысында дақылдардың өнімділігі 34%-ға артты

Dalanews 01 қар. 2017 07:04 239

Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  



Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының  64%,жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы АӨК-ке 36 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 31 %  артық.

– Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын  948 мың гектарға жеткіздік. Мемлекет басшысының аграрлық салаға жаңа технологияларды енгізу туралы тапсырмаларын орындау бағытында  облыста жердің 17%-ға озық технологияны қолдану негізінде өңделеді. Соның арқасында дақылдардың өнімділігі 34%-ға артты, – деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

 

https://dalanews.kz/31735

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x