Амандық Баталов: «Индустриалды аймақта 17 кәсіпорын жұмыс істейді»

Dalanews 01 қар. 2017 06:55 706

Алматы облысындағы  индустриалды аймақтарда 17 кәсіпорын жұмыс істесе, алдағы уақытта оның санын 400-ге жеткізуге мүмкіндік бар.Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

–  Серіктес қала «GateCity»аумағында «Берек» жаңа индустриалды аймағы құрылып, онда ірі компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 90 млрд. теңгелік, 2 мың жұмыс орны құрылатын 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Олардың қатарында ет полуфабрикаттарын шығаратын «Бауманн» (Германия), картоп өңдейтін «Фармфритс» (Голландия), жылыжай шаруашылығы бойынша «Экокультур»  (Ресей) компаниялары бар, – деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ облыста «Талдықорған», «Береке», «Арна», «Боралдай», «Қазыбек бек», «Қайрат» – 6 индустриалды аймақ бар екені және олардың барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгені айтылды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31735

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар