ЭКСПО-ға ғарыштан сәлем жолдады

Dalanews 18 там. 2017 08:52 323

Астанада өткен Қызылорда облысының мәдени күндері аясында Халықаралық ғарыш станциясының ғарышкерлері EXPO-2017 көрмесінің қонақтарымен тікелей байланысқа шықты. Бұл сыйға облыстың қорытынды концертіне барғандар куә болды.



Халықаралық ғарыш станциясынан Фёдор Юрчихин мен Сергей Рязанский сөз алып, Амфитеатр сахнасындағы үлкен экран арқылы EXPO қонақтары мен қазақстандықтарға және жұлдызды шаһар Байқоңыр орналасқан Қызылордаға ғарыштан жалынды сәлем жолдады. Олар бұл көрменің Қазақстан үшін ғана емес, әлем үшін, болашақ үшін маңызды екенін тілге тиек еткен. Қызылорда облысының мәдени күндері аясында мерекелік бағдарламалар өтіп, облыстың танымал әншілері, өнер қайраткерлері, театр ұжымы өз өнерлерін көрсетті. Астана жұртшылығы облыстың бүгінгі және өткендегі ахуалымен, тарихымен танысып, шетел туристері Байқоңыр айлағынан ұшқан ғарышкерлермен тікелей байланыс орнатылғанына ризалық білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x