Лұқпан Жолдасовтан айнымайтын адам

Dalanews 13 шіл. 2017 05:01 441

Ақтөбе облысының шалғай ауылдарын аралап жүрген Қуандық Рахым «екінші Лұқпан» ағасын көріп мәз болды.

Осы күндері жас әнші Қуандық Рахым Ақтөбе облысының аудандарын аралап, концерт беріп жүр. Бүгін Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында өнер көрсетеді.

«Барлығы ойдағыдай. Зал лық толы. Ауылдық жерлерге бағаны төмен қылып белгіледік. Күніне екі концерттен беріп келе жатырмыз. Қасымда продюсерім Жанна Әбуова бар. Осында Мақсат есімді ұйымдастырушы жігіт көмектесіп жүр», – деді әнші Aktobenews.kz  тілшісіне.

Күні кеше Қуандықтың концерті Қандыағаш қаласында өтті. Әнші ол жерде сахнадағы әріптес ағасы Лұқпан Жолдасовтың «егізі» Нұрланбек Бүркітпен түскен фотосын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

«Қызыққа толы Ақтөбем-ай! Ұлықпан ағаның егізі бар екен мұнда», – деп жазған әнші инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, 10-20 шілде аралығында Ақтөбе облысының 20-ға тарта елді мекенінде концерт береді.

«Қалай да» атты ән кеші 20 шілде күні Ақтөбе қаласының Студенттер сарайында өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x