Шымкентте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай мотошеру өтті

Dalanews 17 сәу. 2017 02:55 274

Оңтүстікқазақстандық байкерлер кезекті маусымды мотошерумен бастады. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттердің  мотоциклистері арнайы келген.

Мотоциклді өмірінің мәні деп білетін 100 шақты байкер кезекті маусымның ашылуын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнады.  Шымкент қаласының көшелерін аралап, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттаған  автошабандоздар өздеріне тән ережелер мен қағидаларды жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы №3 жетім балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасына атсалысты.

Оңтүстік Қазастан байкерлер федерациясының президенті Рүстем Базарбековтің  айтуынша, 29 мамыр күні  оңтүстікқазақстандық 10 байкер ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне республикалық мотошеру ұйымдастырмақ.  Шымкент қаласынан бастау алатын мотошерудің мақсаты – ЭКСПО көрмесін республика жұртына кеңінен насихаттау.

«Мотошеру 29 – мамырда Шымкенттен бастау алады. Біздің бұл идеямызға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.   Ең алдымен біз рухани астанамыз - Түркістан қаласына сосын Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалалары арқылы елорда да өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына кіріп барғалы отырмыз», - дейді   Оңтүстік Қазастан облыстық мотоциклистер федерациясының президенті Рүстем Базарбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында мотоспортқа қызығушылық танытып, байкер атанғандардың саны 300-ге жуықтайды. Олар жыл сайын облысымыздағы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жастарды спортқа баулуға, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысып келеді.



ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x