Ақтөбеде 9,5 гектарлық жылыжай кешені салынды

Dalanews 29 нау. 2017 10:45 229

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі елімізде өнеркәсіптік деңгейдегі жылыжай кешенін салуды жалғастыруда. Таяуда «Greenhouse Kazakhstan» серіктестігі  Ақтөбе облысында 9,5 гектар жерге жылыжай кешенін салды. Биылғы жылдың сәуір айында ресми түрде пайдалануға беру көзделген. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған жобаның құны – 4,9 млрд. теңге құраған. Оның  3,4 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде холдингтің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған.  

Жылына 5700 тоннаға дейінгі өнім шығаратын жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізіп, еңбек өнімділігін арттырады. Сондай-ақ, республиканың ішкі нарығында өзі өндіретін бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімінің үлесін ұлғайтады.

Бүгінгі таңда, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Жобаның шеңберінде кешеннің және барлық қажет металл конструкциясы құрастырылған, 100 000 шаршы метр астам әйнек орналастырылған, электр кабельдері мен құбырлар жүргізілген және басқа жұмыстар жасалған.

«ҚазАгро» ұлттық компаниясы елімізде жылыжай құру бойынша  жалпы құны шамамен 47 млрд. теңгенің 41 жобасы қаржыландырған. Ұзын саны 36-ға жететін жылыжай кешендері 119 гектар жерді алып жатыр. Ал өндірістік қуаты 47 мың тонна өнім өнідруге жетеді.  Аталған нысандарды іске қосу барысында 1464 жұмыс орны құрылғанын да айта кетумііз керек.

 

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі        

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x