Біз оларды «Болашақпен» оқытамыз, олар болса түрмеге түседі

Dalanews 03 ақп. 2017 10:37 188

Елбасы басы дауға ілініп, қамауға алынған шенеуніктер туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мемлекеттік қызметке адам халыққа қызмет көрсетемін деп келеді. Біз оларды тәрбиелеп, тәжірибемізбен бөлісіп, «Болашақпен» оқытамыз, ал олар болса, түрмеге түседі. Әрине, өкінішті жайт! Мен олар үшін ата-аналарынан да аса алаңдаймын. Бұл мемлекеттік мүдде мен сенімді сату деп ойлаймын. Қазір тергеуде 2900 адам отыр, бірақ бұл оларға тоқтау сала алмауда», — деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Үкімет жиынында.

«Бізде жүзеге асырылатын барлық реформа қаржыландырылады. Триллиондап ақша бөлінеді. Былтыр Есеп комитеті анықтаған қаржылық заң бұзушылық 160 млрд теңгені көрсетті. 47 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 223 басшы тәртіптік жазаға тартылды. Құқыққорғау органдарының қолына қат-қат материалдар өткізілді. Мәселен, жемқорлық бойынша былтыр 2900 жауапты тұлға жауапқа тартылды», — деді Елбасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x