Жылдың күлкіге қалған адамы: Қыдекең

Dalanews 30 желт. 2016 06:41 234


Елімізде әнші -әртістердің атақ-абыройы асқақтап кеткені соншалықты халықтың атынан сөйлейтін болған. Олардың даңқ пен дақпырты ақын-жазушылардың өзінен асып кеткен.




Соны бірі – Қыдырәлі Болманов.


Еліміздегі бір басылымға сұхбат берген Қыдекең былай депті: «Мен тоқал дауын халықтың жерді сатуға наразылық танытып, алаңға шықпауы үшін ойлап таптым. Осылай жасасам әне-міне алаңға шығуға әзір отырған жұрттың ойы-басқа жаққа бөліне ме деп ойладым».



 


Міне, бір ғана Қыдырәлінің ықпалы қандай. Оның тоқал алғалы жатқанын естіп, күллі халық, күллі қазақ ойынан айнып қалады екен. Істеп жатқан ісін жиып-тереді де Қыдекеңнің тоқал алғалы жатқанын талқылай жөнеледі.

 



Осылайша күлкіге қалды Қыдырәлі. Одан бұрын қазақтың тағдырына қаншалықты жани ашитынын көрсетті. Айтпақшы, оның "тоқал тақырыбын жер дауы кезінде ойлап таптым" деуі тегін емес. Бұл арада ол өзін ойлауы әбден мүмкін.


«Ертең ел бүлінеді. Ел бүлінсе, той тыйылады. Той тыйылса, табыс да жоғалады» деп болжаған болар Қыдыкең.


Әйтпесе, Болмановтың Майғазиевтен қай жері кем? Жер дауы енді-енді ушыға бастаған тұста Сәкен бастаған бір әншілер жер сатуға қарсы екендігін айтқан. Сол кезде Болманов қайда болды?


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x