«Қазақтың қара баласы»

Dalanews 28 қыр. 2016 06:47 246

Ақын, сазгер, драматург, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері  Исраил  Сапарбаймен  Халықаралық бизнес және Коммуникациялар колледжінің студенттері «Қазақтың қара баласы» атты кездесу өткізді.  Атқарушы- директор Сембиева Сәуле Балтабайқызы мен  Жалпы білім беру және әлеуметтік пәндер меңгерушісі Мұдуарова Лариса Мұхамбетқалиқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның негізі, белгілі ақынның тағылымға толы шығармашылығымен жастарды таныстыру әрі ақынның танымдық әңгімелерін тыңдау болатын. Шығармашылық кеште Исраил ағамызға студенттер әр тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, Исраил Сапарбайдың өмірбаяны жайында деректі сюжеттер де көрсетілді. Ақынның «Жас қазақ», «Жалғызым», «Біздің қоғам», «Өзіме-өзім» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқыған жастар, сонымен қатар «Бір тамшы көздің жасындай», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әндерін тебіренте орындады. Жас ақын Қалиев  Ибрахим  Болатұлы Исраил Сапарбайға өзі жазған арнауын тебірене оқыды.

«Қазіргі қоғамға көңіліңіз тола ма?» деген сұраққа ақын: «Осы күнге жарық көрген өлеңдерім жауап болмақ, астарлы сөзбен айтылған ащы, ызалы ой!», –деп жауап берді.  22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесімен, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада Исраил Сапарбай жастаға отан сүю, әдебиет-мәдениет, салт-дәстүр, тарихымызды, асыл дінімізді сыйлау жайында кеңірек әңгіме өрбітті. Сөзінің соңында «өзге ұлтқа еліктегендей өз мемлекеттіміздің салт-дәстүріне де мән бере қараңдар. Елдің болашағы, жұрттың ертеңі – сендердің қолдарыңда»,  – деп аяқтады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x