Лукашенко: "Ресей Қазақстаннан мұнай тасуымызға кедергі келтіруде"

Dalanews 21 қаң. 2020 14:28 232

Белорусь президенті Александр Лукашенко Қазақстаннан ішкі нарығына қажетті мұнай жеткізу ісіне Ресей кедергі келтіріп отырғанын алға тартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

– Егер Ресей келісімін берсе, Қазақстаннан елімізге қажетте мұнайды жеткізетін мүмкіндігі бар. Өкінішке орай, біздің одақтасымыз бұған келісімін бермеуде. Бұл жайтты қалай түсінуге болады? Біздер бұл мәселенің жақын уақытта шешуіміз қажет, – деді Александыр Лукашенко.


Белорусь президенті мұнайға қатысты Мәскеу мен Минск арасында тұтанған даудан кейін қара алтынды жеткізудің жаңа жолдарын іздестіре бастаған болатын.

Олар «Дружба» мұнай құбыры арқылы Польшадан Америка мен Сауд Арабиясында өндірілген қара алтынды экспорттауды көздеген-ді. Өз кезегінде Белорусь елінің вице-премьер Дмитрий Крутой Украина, Польша, Қазақстан, Әзірбайжан және Балтық жағалауы елдерінен мұнай тасымалдауға күш салатынын айтқан-ды.

Ал өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Энергетика министрі Әсет Мағауов Белорусь тарабымен мұнай жеткізу мәселесі жайында кеңесіп жатқандарын алға тартқан болатын. Сондай-ақ, ол тараптар қандайда бір келісімге келгеннен кейін, Ресеймен мұнайды жеткізу мәселесі бойынша кеңестетіндерін де айтқан болатын.


Егер бұл іске Ресей қарыс тұрмаса, Қазақстан Белорусь мемлекетіне 3,2 миллиона тоннаға дейін мұнай экспорттап, пайда табуына болады.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x