Олигархтарға бас имеген жалғыз губернатор – Аман Төлеев

Dalanews 02 сәу. 2018 09:39 175

Өз арамазда кейбіреулер Аман Төлеевті мәскеулік пиарщиктермен жағаласып жамандап жатыр. «Неге Аман Путиннен ғана кешірім сұрады?» дейді. Себеп, Путин президент болған соң екеуі келісімге келді.



Аман Президенттік таққа таласпайды. Федералдық саясатқа араласпайды. Кузбасс соныкі, ешкім тиіспейді. Бірақ ешқандай проблема болмауы керек.
Міне, 20 жылдай солай болды. Төлеевке бірнеше рет қастаңдық жасалды. Көнбеді.

Тіптен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Тихонов заказ беріп атқызды. Сонда да сынбады. Кешегі өртенген «Зимняя вишня» қожайынын Кемероводан қуып шыққан.

Ресей бойынша олигархтар билемеген жалғыз облыс Амандікі болды. Тұрғындар жалақысы да басқа аймақтардан жоғары. Қылмыстың деңгейі төмен.



Облыс өзін асырап, артығын Мәскеуге жібереді. Бәрі «чики-чики» еді. Тек өткен жылы жаман дертке шалдыққан Төлеев біраз дүниені бақылаудан шығарып алды.

Сол кезле ол «кетем» деді. Бірақ Путин қала тұруын өтінді. Өйткені оған Кемероводағыдай үлгілі облыс керек-тұғын. Путин орнына орынбасарлыққа өз адамын жіберіп, «жыл жарым үйренсін» деді. Міне, Аман Төлеев жеке басымен, Президент Путинге берген уәдесін орындай алмағанына кешірім сұрады. Ер азамат ретінде. Ал, кузбастықтар Төлеевті түсінеді. Сатқан жоқ. Қорғады. Қолдады.
Ал, мәскеулік ақпарат иелері Төлеевті бас салып жамандауда. Себебі, осы жиырма жылда мәскеулік БАҚ-қа бас имеген жалғыз губернатор Аман Төлеев еді. Ешқандай пиарға ақша төлемей, дара тұрды.

Мәскеудің жалақор ақпарат құралдары бағынбаған батырды сәті келген де армансыз даттап қалды.

Төлеев Кузбасын көтерді. Халқын разы етті. Өртенген жерге де бармағаны сол. Сенді сатпайтынына. Енді олардың әлеуметтік мәселесін шешуге кірісті. Бұрын осындай жағдайға тап болғандарға біздің ақшамен бес миллион теңгеге дейін өтемақы төленуші еді. Төлеев оны отыз миллионға көтерді. Яғни, әлеуметтік өтемді еуропалық деңгейге жақындатқан бірінші Ресей губернаторы болды.

Аман Төлеев алдымен өз қарауындағы халықты ойлайтын басшы екендігін осы қиын кезінде көрсетті. Оставкаға кетем деп, жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Өртте зардап шеккендердің жағдайын толық реттеп барып кететінін де айтты. Нағыз саясаткер осындай болуы керек.

Махат Садық, журналист.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x