Тандырға ұқсаған ыдыс ішіндегілер зинақор әйелдер мен еркектер болатын», – дейді (Имам Бұхари). Сондай-ақ, басқа бір риуаятта, тозақта «қайғы құдығы» деген жылан мен шаяндар мекендейтін ойпат бар. Шаянның үлкендігі қашырдай (есектен үлкен, аттан аласа жануар) болады. Оның уға толы жетпіс инесі болады. Ол зинақорды шағып, оның азабы мың жылға жетеді. Сосын зинақордың денесі ыдырап, жыныс мүшесінен қан мен ірің ағады. Егер зина жасаушы отбасылы адам болса, оларға қабірде бүкіл үмметке берілетін азаптың жартысы беріледі, делінген.
«Тозақтың жеті қақпасы бар», – деген «Хижр» сүресінің 44-аятының тәпсірін Ато есімді ғалым былайша тарқатады: «Тозақ қақпаларының ең қорқыныштысы, әрі қайғылысы және ыстығы мен сасығы – біле тұра зина жасағандар кіретін қақпасы».
Иә, Алланың сүйіспеншілігіне бөленген құлдарына жәннат қақпалары айқара ашылса, өкінішке қарай, жиіркенішті қылықтарды жасауда алдына жан салмағандар үшін Жаратқанның жазасы осы болмақ.
Имам Заһабидің «Үлкен күнәлар» кітабынан
Дереккөзі: mazhab.kz