Армения премьер-министрі Никол Пашинян сайлаушылармен кездесу кезінде бұрынғы Қарабақ элитасы мен сепаратизм жақтастарына қатысты өте қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Пашинян өз сөзінде Қарабақтағы бұрынғы саяси топ өкілдерін елден қашып кетті деп айыптады.
«Әй, сендер, дезертирлер! Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Бүгін қарасаң, осында қашып келіп алып, тағы саусақ шошайтып тұр. Мына Қарабақтың жалған элитасы... жоғалыңдар бұл жерден», – деді Армения премьері.
Пашинян Қарабақтағы соғыс кезінде қаза тапқандар мәселесін көтеріп жүрген саясаткерлерді де сынға алды.
«Егер “Қарабақ мәселесін” қайта-қайта айтатын болсаңдар, неге өздерің барып соғыспадыңдар? Неге тірі жүрсіңдер? Сен неге тірісің? Қаза тапқан 5000 адам туралы айтатындай сен кімсің?» – деді ол.
Сонымен қатар премьер Арцахтың бұрынғы президенті Самвел Шахраманян мен бұрынғы «парламент» депутаттарын да атап өтті.
«Гахраманян неге тірі? Сендердің “ұлттық жиналыстарыңның” депутаттары неге тірі қалды? Егер 5000 адам қаза тапты деп айтып жүрсеңдер, неге өздерің жан тапсырмадыңдар?» – деді Пашинян.
Армения премьері ел аумағында Қарабақтың қандай да бір мемлекеттік құрылымдарының бар екені туралы пікірлерді де жоққа шығарды.
«Ешкім маған Арменияда Қарабақтың ұлттық жиналысы бар немесе Қарабақ үкіметі бар деп айтпасын. Барлығыңды түбімен жоямын», – деді ол.
Пашинян сөз соңында бұрынғы Қарабақ элитасын соғыс кезінде елден қашып кетті деп тағы айыптады.
«Күресетін күні баруларың керек еді. Міне, мынау – қашқындардың бірі. Мұнда келіп, саусақ шошайтып сөйлеуге батылдарың жетпесін», – деді Армения премьер-министрі.