Жезқазғанда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды: алты адам жауапқа тартылды

Жезқазғанда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды: алты адам жауапқа тартылды
видео кадры

Жезқазғанда үйлену тойына бағыт алған көліктер колоннасы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Нәтижесінде алты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық 8 тамыз күні Сарыарқа көшесіндегі бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Тексеру барысында автокортеждің үйлену тойына бара жатқандығы анықталған.

Жолда келе жатқан кезде кейбір жолаушылар көлік терезелерінен денесін шығарып отырған. Сонымен қатар жүргізушілердің бірі рөлді көлік басқару құқығы жоқ адамға берген.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері қарсы бағыттағы жолаққа шығу дерегін де тіркеген.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтіп, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Ереже бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.