Желіні шулатқан видео: Астанада туристік полицияның екі қызметкері жұмыстан босатылды

Желіні шулатқан видео: Астанада туристік полицияның екі қызметкері жұмыстан босатылды
Астана ПД

Астана қаласы Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Ведомство мәліметінше, туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

"Қызметтік міндетін атқару кезінде және арнайы формада мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мәдениетті ұстануға міндетті", - деп жазылған хабарламада.

Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.