Желідегі даулы видео: Шымкентте өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған қыз ұсталды

Желідегі даулы видео: Шымкентте өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған қыз ұсталды
видео кадры

Әлеуметтік желіде белгісіз қыз ұялы телефон арқылы жанжал шығарып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған видео тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеріс нәтижесінде оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталған.

"Оның Ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ және қазір жұмыссыз. Ол қоғамдық орында масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Шымкент ПД өкілі.

Полиция өзін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, арнаулы атағы мен лауазымын заңсыз иеленген жағдайда жауапкершілік көзделгенін ескертті.