Шымкентте полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл оқиға 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласында болғаны анықталған.
Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу барысы Шымкент Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін желіде бет-аузы қан жоса болған әйелдің видеосы тарады. Жәбірленушінің жақындары бұл іске әйелдің күйеуінің қатысы бар екенін айтты.