Жауапкершілік және нақты істер: Қостанай облысының тұрғындары “Әділет” партиясын қолдады

Жауапкершілік және нақты істер: Қостанай облысының тұрғындары “Әділет” партиясын қолдады
Фото: “Әділет” партиясы

Қостанай өңірінде шикізатты терең өңдеу көлемін арттыруға, жаңа машина жасау өндірістерін іске қосуға жақсы мүмкіндіктер бар. "Әділет" елде әділ нарықты әрі қарай да қамтамасыз етіп отыруға күш салса, бұл қолдан келетін шаруа. "Әділет" партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде сөз болған көп саланың бірі осы болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиында сонымен қатар өңірді дамыту, сапалы жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру және цифрландыру мәселелері талқыланды. Облыс тұрғындары партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын қолдайтындарын білдірді.

"Әділетті болашақ үшін" бағдарламасын таныстырған Құрылтай депутаттығына кандидаттар оның негізгі бағыттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдарына сәйкес екеніне ерекше назар аудартты. Сондай-ақ бағдарлама жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын – азаматтардың құқықтарын нығайту, әділеттілік, мемлекеттің жауапкершілігі және өңірлердің мүмкіндіктерін кеңейту ұстанымдарын қамтиды.

Партия өкілдері бұл тек жүргізіліп жатқан реформаларды қолдаумен шектелмейтінін, сонымен қатар, оларды жергілікті жерлердегі нақты шешімдер арқылы іс жүзінде жалғастыруды көздейтінін атап өтті. Сондықтан кандидаттар партияның ұсынылған бастамалар үшін жария түрде жауапкершілік алуға және олардың жүзеге асуына қол жеткізуге дайын екенін мәлімдеп отыр.

Мәселен, кандидат Марат Башимовтің сөзінше, бағдарлама азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған конституциялық қағидатқа, соның ішінде еңбек ету құқығына негізделген. Партияның нақты ұсыныстарының бірі – ресми жұмысқа орналасуды және тұрақты әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететін 1 млн сапалы жұмыс орнын құру.

Бағдарламаның негізгі қағидаттарының бірі – "Күшті өңірлер – қуатты ел" ұстанымы. Бұл Президенттің өңірлер арасындағы алшақтықты азайту, аумақтардың дербестігін кеңейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытымен үндеседі.

Осыған байланысты кандидат Екатерина Смышляева бюджетті орталықсыздандыруға қатысты ұсыныстарын таныстырды. Олар өңірлерге қосымша басқару өкілеттіктерін ғана емес, салық түсімдерінің бір бөлігін де беруді көздейді. Бұл аумақтарға даму басымдықтарын өз бетінше айқындап, қолда бар ресурстарды тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

Жиында коммуналдық және ауылдық инфрақұрылым да талқыдан тыс қалмады. Партия коммуналдық желілерді «Нәтиже үшін тариф» қағидасымен жаңғыртуды, газдандыруды жалғастыруды, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды ұсынады. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтумен қатар жүргізілуі керек.

Кандидат Андрей Лаврентьевтің айтуынша, Қостанай облысында шикізатты терең өңдеу көлемін арттыруға, жаңа машина жасау өндірістерін іске қосуға және ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік бар. Тек ол үшін бизнеске әділ нарық пен алдын болжай алатын жағдай жасау керек.

"Бағдарламаның тиімділігінің басты өлшемі есептер емес, еңбек адамының өміріндегі нақты өзгерістер болуға тиіс", - деді ол.


Кездесудің тағы бір маңызды бөлігі білім беру және цифрландыру мәселелеріне арналды. Кандидат Асхат Аймағамбетов қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту қажет деп санайды. Қостанай облысы үшін бұл мәселе аса өзекті, өйткені өңірдегі мектептердің 64 пайызы – шағын жинақты мектептер.

Партия ауыл мектептерін сақтап, дамытуды, колледждерде дуалды оқытуды кеңейтуді және мамандар даярлау жүйесін экономиканың нақты қажеттіліктерімен тығыз байланыстыруды ұсынады.

Цифрландыру саласында бағдарлама 5 млн азаматты цифрлық дағдыларға оқытуды, жасанды интеллект саласында 100 мың маман даярлауды, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың дербес деректерін заңнамалық тұрғыдан қорғауды көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар "Әділет" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын қолдайтындарын білдірді. Олардың айтуынша, партия бастамалары Қостанай облысының сұраныстарына, Президенттің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытына, сондай-ақ жаңа Конституцияның қағидаларына сәйкес келеді.

Жалпы, партия ұсынған тәсіл ұлттық деңгейдегі реформалардың өңірлерде нақты жалғасын табуына бағытталған. Бұл инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын құру, білім сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылмақ. Ал сайлау өткізу тәртібі, кандидаттардың сайлауалды материалдары және сайлау рәсімдері туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан білуге болады.