Жартасқа жазба қалдырған ресейліктер жазаланды

Жартасқа жазба қалдырған ресейліктер жазаланды
видео кадры

Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлі маңындағы жартасқа үлкен жазу қалдырған шетелдік туристер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жартастың бетіне белгісіз адамдар "Санкт-Петербург" деген үлкен жазу жазып кеткені көрінетін суреттер тараған еді. Жазба жарияланғаннан кейін полиция тәртіп бұзғандарды анықтады. Олар шетел азаматтары болып шықты.

Туристер абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жартастағы үлкен жазуды өшіру тапсырылған.