Сапарғали Салдаровтың айтуынша, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар 100% электронды форматта.
– Ағымдағы жылғы III-тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс саласында басқарма тарапынан барлығы 749 өтініш қабылданған. Оның ішінде лицензия бойынша 270 өтініш тіркеліп, 92-і қанағаттандырылды. Аттестаттау бойынша 479 өтініш тіркеліп, оның 262-сі аттестатталды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды акредиттеу бойынша 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды, – деді Сапарғали Бауыржанұлы.
Түркістан облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 542 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 254-і – бюджет қаражаты есебінен, 275-і – жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен, 13-і – инвестициялық қаржы есебінен салынуда.
Құрылыс нысандарын жобалау алдындағы iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау барысында құрылыс нормативтерінiң талаптарын бұзғаны үшін 2-жобалаушы, 11-мердігер мекемеге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312 бабымен 100-700 АЕК аралығында айыппұл салынған. Сондай-ақ, 10 техникалық қадағалаушы тұлғаға техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік шаралар көрілген.