Заңсыз көші-қон: мыңдаған дерек анықталды

Заңсыз көші-қон: мыңдаған дерек анықталды
ғаламтор
Солтүстік Қазақстан облысында шетелдіктердің елде болу заңдылығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдіктердің елде болу заңдылығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Dala News.

Полиция қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында базарлар, вокзалдар, құрылыс нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарын бақылауға алған.

Жыл басынан бері өңірде 3 334 миграциялық заңбұзушылық анықталған. Қайталанған құқықбұзушылықтар үшін 10 шетелдік елден шығарылды.

Полиция мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі:
– шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен,
– қазақстандықтардың шетелдік қонақтар туралы уақытылы хабарламауымен байланысты.

Қазіргі таңда өңірде 10 775 шетел азаматы тұрады. Оның ішінде:
– 6 347 адам – тұрақты,
– 4 428 адам – уақытша тұруға рұқсат алған.

«Мигрант» іс-шарасы 17 наурыздан басталып, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты күшейтуге бағытталған.