Freedom Inside '26

Жаңа Конституцияда ұлттық валютаның орыс тілінде жазылуы өзгерді

Жаңа Конституцияда ұлттық валютаның орыс тілінде жазылуы өзгерді
gov.kz

Қазақстанда ұлттық валютаның атауы ресми түрде "теңге" болып жазылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанның жаңа Конституциясының орыс тіліндегі мәтінінде ұлттық валютаның жазылуына өзгеріс енгізілді.

Енді ресми құжаттарда ұлттық валюта атауы "тенге" емес, "ң" әрпімен "теңге" деп жазылады. 1 шілдеден бастап мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілер мен ресми құжаттарды әзірлегенде осы нұсқаны қолдануға міндетті.

Бұл өзгеріс ақшаның мәртебесіне немесе ақша реформасына қатысты емес. Ол - заңнамадағы терминдерді жаңа конституциялық үлгіге сәйкестендіруге бағытталған техникалық түзету.

Айта кетейік, бұған дейін "тенге" деп жазылған құжаттар заңды күшін сақтайды.