Жамбыл облысында түнгі уақытта көлікпен дрифт жасап, айналадағы адамдарға қауіп төндірген 22 жастағы жүргізуші бес тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Орталық мамандарының мәліметі бойынша тәртіп сақшылары көліктің жүрген бағытын анықтап, жүргізушіні көп ұзамай ұстаған.
Полиция өкілдерінің айтуынша, азамат түнгі тыныштықты бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.