Жамбыл облысында көліктен шығып, отшашу атқан 18 жастағы тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында көліктен шығып, отшашу атқан 18 жастағы тұрғын ұсталды
видео кадры

Жамбыл облысында шу шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында көлік кортежі анықталды. Онда көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, отшашу атқан.

Құқық бұзған 18 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол елдімекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзуға жол берген көлік жүргізушілері де жазаланды.

Полиция мұның бәрі заңбұзушылық екенін қатаң ескертті.