"Залал 400 млн теңге". Ақмола облысында көліктерді жалған төлем құжатпен есепке қойғандар тергелуде

Нұрлан Жұмахан 31 қаң. 2024 12:09 3820


Жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдаланып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істердің бірін ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қаржы мониторинг агенттігінің қызметіне сілтеме жасап.


Заңсыздыққа барғандар бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілді.


Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркегені анықталды.


ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.


 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар