Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко (Олексій Гончаренко) Грузияда жүр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Орыстілді азамат украиналық депутат Алексей Гончаренконың Грузияда жүргенін видеоға түсіріп алған. Видео TikTok-та пайда болды.
"Гончаренко Грузияға соғысты алып келді! Гончаренко Тбилисидің орталық көшелерінде жүр, әлденеге әбігерленіп жүр. Біреуге хабарласа береді. Майдан іздеп жүр", - дейді видео авторы.
Тағы бір видеода орыстілді азамат Гончаренкоға сұрақ қойғанымен депутат ағылшын және украин тілінде жауап береді.
Украиналық депутаттың өзі де Грузияда жүргенін ашып көрсетіп жүр.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Грузияға парламент сайлауында бақылаушы болатынын айтқан.
"Грузиядағы сайлау басталды. Мен мұнда Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының бақылаушысы ретінде қатысамын. Учаскелер ашылды, учаскелердің барлық мүшелері жасыл түсті киім киген. Сайлауда электронды урна қолданылады. Дауыс беруші бюллетеньді осы электрон урнаға тастауы керек", - деп жазды Гончаренко.